"Бұл сервис - қажетті шара. Біздің елде интернеті жоқ немесе жабыны әлсіз аймақтар бар екенін түсінеміз. Мұндай аймақтар аз емес және біздің негізгі міндетіміз осындай орындар санын барынша азайту. Осы қолданбалы бағдарлама бізге желінің сапасы, интернет жылдамдығы бойынша барынша объективті деректер алуға және ағымдағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов.
Bailanys.bar геолокацияны бөлісуге, интернетке қосылу жылдамдығын тексеруге және өлшеу нәтижелерін көруге мүмкіндік береді. Елдің ең шалғай түкпірлерінің тұрғындары өнімді пайдалана алады және интернет сапасына мониторинг жүргізе алады. Сервис браузерде де, Aitu мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді, оны PlayMarket және App Store дүкендерінен жүктеуге болады. Қосымшаны әзірлеушілер BTS Digital қазақстандық цифрлық компаниясының мамандары.
"Біздің басты міндетіміз – интернет жылдамдығы бойынша ең төмен өңірлерді анықтау. Деректер неғұрлым көп жиналса, жағдайды түзету үшін шаралар дәлірек болады. Біз барлық қазақстандықтарды тексеруге қатысуға шақырамыз. Мұнда күрделі ештеңе жоқ, желіні бірнеше рет басу арқылы бақылауға болады", – деп түсіндірді bailanys.bar сервисінің жетекшісі Владимир Фидлер.
Бұл Қазақстан тарихындағы интернет сапасына жүйелі тәуелсіз мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға жасалған алғашқы әрекет. Осы уақытқа дейін барлық зерттеулер әртүрлі зерттеулердің біріктірілмеген деректері негізінде немесе байланыс операторларының өздері жасаған. bailanys.bar сервисі объективті деректерді пайдаланушылардан тікелей алуға мүмкіндік береді.
Сервисті әзірлеушілердің бастапқы кезеңдегі жоспарында - ел бойынша интернеттің қолжетімділігінің жалпы көрінісін қалыптастыру және жағдайды түзету бойынша қадамдарды анықтау. Екінші кезеңде тікелей өтініштерді жіберу функциясын іске қосу жоспарлануда – пайдаланушылар интернет жылдамдығына немесе байланыс провайдерінің жұмысына нақты шағым жібере алады. Барлық өтініштер тікелей ЦДИАӨМ-де қаралатын болады.